avangard-pressa.ru

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру. 1. Капитал нарығы түсінігі - Экономика

1. Капитал нарығы түсінігі

2. Капиталдың түрлері

3. Ресурстың бір түрі – табиғи ресурстың ерекшелігі

1. Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.

- Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.

- Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.

Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

2.

Негізгі капитал Айналмалы капитал ü бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. ü Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ü өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; ü оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады

3.Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.

Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Қазыналы рыноктағы терминдер. Тапсырманы әр топтың тез құру әрекетімен есептеледі.

Р Р У С С Е П И К Т Л А А Р Б Ж А И Р Ы Қ Н А Л И Р А Т М А О К Н П У

Ресурс, капитал, биржа, нарық, материал, купон.

V. Үй тапсырмасын беру.Капитал нарығы және табиғат ресурстары

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық Сынып: 11 Сабақ: 24 Күні:

Тақырыбы:Кәсіпкерлік қызмет негіздері

Сабақтың мақсаты:Кәсіпкерлік ұғымына анықтама бере отырып, кәсіпкерлік іс-әрекетке үйрету.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:Кәсіпкерлі туралы жаңа мағлұмат беру.

Дамытушылық: Іскерлік қабілеті жоғары кәсіпкерлікке үйрете отырып дамыту.

Тәрбиелік:Іскерлік қарым-қатынасқа болашақ маман ретінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: ойын технологиясын қолдану

Көрнекілігі:кесте

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Капитал нарығы түсінігі

2. Капиталдың түрлері

3. Ресурстың бір түрі – табиғи ресурстың ерекшелігі